“Қош келдің, әз-Наурыз”

(0 Votes)

Мақаш ауылындағы Шабыт мәдениет үйінде Ұлыстың ұлы күніне орай “Қош келдің, әз-Наурыз” атты мерекелік шара өтті.

Ауыл әкімі Б.Қадыров, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Мәуітайұлы, Әбу Сәрсенбаев орта мектебінің директоры Жастілек Қишуұлы, Мақаш өндірістік кооперативі басшысы Жеңіс Абулхайров құттықтау сөз сөйледі. Көкарна, Голбин, Қарақұл елдімекен тұрғындары қазақтың салт-дәстүрін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында “Сәбиді ұшықтау” көрінісін сахналады.

Мақаш ауылдық округінің әкімшілігі, Мақаш өндірістік кооперативі, “Ақмарал” бөбекжай балабақшасы, “Алға” дәрігерлік емхана ұжымы, сондай-ақ, Мақаш әкім, Ақбетов, Ж.Жаманбаев, Сисенова көшелерінің тұрғындары киіз үйде дастархан дайындап, ұлттық тағамдарымызды халыққа ұсынды. Көктем аруы келіп, ақ тілегін арнап, “Наурыз-Думан” әнін шырқады. Жер ана аластау рәсімін жасап, Қыдыр ата ақ батасын берді. “Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай” көрінісін “Алға” халық театры сахналап, шара мерекелік ән-бимен жалғасын тапты.

Әбу Сәрсенбаев мектебінің дене шынықтару пәнінің мұғалімі Мырзабек Қабдрахмановтың жүргізуімен қазақтың ұлттық ойындары “Кір тасын көтеру”, “Арқан тартыс” өткізіліп, ауыл азаматтары, жастар белсенділік танытты. Әкімшілік атынан жеңімпаздарға демеушілік жасалды. Округке қарасты “Афанасьев” бекетінің ТОО ТрансАзияКонстракшн, Астрахань Маңғышлақ Су құбыры мекемелерінің ұйымдастыруымен тұрғындарға палау пісіріліп, тегін таратылды. Мәдениет үйінің қызметкерлері де ыстық бауырсағы мен наурыз көжесін халыққа ұсынды.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521