«Қош келдің, Рамазан!». Марат Мурзиев құрманғазылықтарды қасиетті айдың басталуымен құттықтады

(0 Votes)

Қадірлі құрманғазылықтар!

Баршаңызды мұсылман қауымы үшін ерекше қастерлі Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Қазақ халқы ежелден Рамазан айын ізгілік пен мейірімділікке, имандылық пен игілікке үндейтін, бірлік пен берекеге бастайтын «Он екі айдың сұлтаны» деп қадірлеген. Қасиетті айда кең-байтақ қазақ елін мекен еткен мұсылман қауым өкілдері, сондай-ақ өзге ұлттар мен ұлыстар ынтымаққа ұйысады. Қонақжайлылық пен қайырымдылық арнасы кеңіп, қамкөңіл жандарға төгілетін мейірім шуағы молая түседі.

Құрметті жерлестер!

Тамыры тереңге бойлаған діни дәстүріміз рухани дүниеміз бен бойдағы асыл қасиеттеріміздің кемелденуіне зор ықпал етпек.

Рақым айы - Рамазанда ұстаған оразаларыңыз, жасаған әрбір қайырлы істеріңіз бен дұға-тілектеріңіз қабыл, еліміз аман, жеріміз тыныш болғай!

Марат МУРЗИЕВ, Құрманғазы ауданының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521