Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Ауданымызда 14-35 жас аралығында 17 200 жас бар болатын болса, сол жастардың басын біріктіретін өңірімізде Жастар ресурстық орталығы қызмет етуде.
Бүгін осы орталықтың жұмысымен танысу мақсатында жастар арасында болдым.
Айта кететін жайт, өзге әріптестеріне қарағанда біздің аудан жастарына арналған орталыққа кең ғимарат бөлінген. Жастар ресурстық орталығының қазіргі тізгінін ұстаушы Бекзат Қазихановпен дидарласып, біздің тарапымыздан аудан жастарының жан-жақты дамуына қандай қолдау керек екенін сұрадым. Жоспарларымен танысқан соң, жаңа бастамаларын әрқашан қолдауға әзір екенімді білдірдім.
Сонымен қатар, “Жастар рухы” ЖҚ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен ауданымызда өтетін ATYRAU QUIZ” ойынының ашылуына қатысатынымды айттым. Құрметті ауданымыздың жалынды жастары!
Бүгінгі қоғамның негізгі тірегі – Сіздерсіздер. Ертеңіне көп үміт артылған жас буынның жағдайы да біздің, яғни, атқарушы билік органдарының қолдауынан тыс қалмайды дегім келеді. Қандай да болмасын өздеріңізді толғандырған ұсыныс, сауалдарыңызды Сіздермен бірге ашық талқылауға дайынмын!
Құрметпен, аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы Жангалиев