Құнаны Құлсарыдан бәйге әкелді

(0 Votes)

Ауданымызда атбегілік өнер соңғы кезде жақсы қанат жайып келеді. 

Наурыз мерекесіне орай Құлсарыда өткізілген ат бәйгесінде Орлы ауылының ат баптаумен айналысатын азаматтары құнан, тай жарыстарына сәйгүліктерін қосып бақтарын сынады. Жердің щалғайлығына қарамастан жарысқа үкілеп қосқан жүйріктері жүлдесіз қалдырмады. Ат бәйгесін Жылыой ауданы әкімшілігі қолдауымен өткізді.

Сәрсенғали Мырзағалиұлының "Тентекқара" атты құнаны 7 шақырымдық жарыс жолында алдына жан салмады. Шабандозы өзінің ұлы Нұрдәулет құнанымен құстай ұшып жүлдеге тігілген мотоцикль көлігін иеленіп қайтты. Орлылық тағы бір атбегі Рүстем Құспановтың "Қасқалдақ" атты тайы мәре сызығын төртінші болып қиса да жүлдесіз қалмады. Тайды тізгіндеген аудандағы мықты шабандоз Әкежан Бисенбай. Сәйгүліктерді сайысқа бапкер Жандарбек  дайындады.

Атбегілігімен көзге түсіп жүрген келесі бір жерлесіміз Қапенов Жақсылықтың да "Покер" атты сәйгүлігі иесіне 100 теңге көлемінде төртінші орынның жүлдесін алып берді. Атқа шауып ақшалай байрақ ұтқан шабандозы Ақжол мен бапкері Қайрат Нұрғазы.

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521