Аудан әкімінің арнайы шақыртуымен күй өңіріне келген Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық ұлт-аспаптар оркестрінің концертік бағдарламасын ұсынды.
Оркестр құрамы бас дирижер, жерлесіміз Болат Долдашевтің дирижерлік етуімен бірнеше күйлер орындап, зал толы көрерменнің ыстық қошеметіне өнер майталмандары ерекше шабыттанды. Күміс көмей әншілер әуезді әндерін шырқап, шараның көрігін қыздырды. Соңында аудан әкімі Қ.Нұртаев шақыртуды қабыл алған оркестр құрамына тұрғындар атынан зор ризашылығын білдіріп, құттықтау хаты мен естелік сыйлығын тапсырды.
А.Шакупова.