Көліктер тоқтатылып, салыққа берешегі тексерілді

(0 Votes)

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы мен аудандық полиция бөлімі автокөлік иелерінің салыққа берешегін тексеру мақсатымен бірлескен рейд ұйымдастырды.

Рейдтің мақсатын аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшы Қайрат Насипов:

– «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, 2019 жыл үшін мүлік және жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанда жеке тұлғалар үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық кезеңдері үшін құралған мүлік, жер, көлік салығынан негізгі қарызды төлеу кезінде өсімпұлдарды есептен шығаруға рақымшылық жасалды. Осыған орай салық төлеуші негізгі қарызды төлегенде 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша дербес шотында есептелген өсімпұл сомасы және берешекті төлеген кезге дейінгі есептелген өсімпұлы есептен шығарылады. Салық рақымшылығын жүргізудің мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Төлемді e-halyk қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады, - деді.

Әңгіме барысында салық жеңіл көліктерге жылына 8, ал, «Газель» тәрізді қатынас құралына 25 мың теңгедей болатынын естіп білдік.

Рейд барысында аудан орталығында 15 жеңіл көлік тоқтатылып, телефондағы e-halyk қосымшасы арқылы салыққа берешегі тексерілді. Нәтижесінде олардың үшеуінен басқасы салыққа берешек емес екені анықталды. Аталған жүргізушілермен түсінік жұмыстары жүргізіліп, көрсетілген мерзімге дейін көлік салығын төлеу қажеттігі ескертілді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521