Ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда қауіпсіздікті сақтауға шақырады!
Атырау облыс аумағында ауа-райының салқындауы, желдің күшеюі, тұман және жауын-шашын, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін, бұл автокөлікті тежеу жолының ұлғаюына әкеп соғады. Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен ауа райының яғни метеорологиялық жағдайдың өзгеруі көлік жүргізуге әлдеқайда қауіпті болады, жылдың осы уақытында өте мұқият болу керек екендігін ескерткіміз келеді. Жылдамдық режимін сақтау, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты, яғни дистанция сақтау және қысқы дөңгелектермен жабдықталуы, жарық шамдарының жануы маңызды, бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға бірден-бір себебші болады.
Осы ретте, Құрманғазы ауданы полиция бөлімі тас жолдардағы қауіпсіздік үшін ауа райын ескере отырып, ұзақ сапарларды алдын ала жоспарлауға шақырады.