КӨЛІК ЖӨНДЕУ ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топтың кезекті рейді алдында аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров оның мүшелерін жинап «Шектеу шараларын, оның ішінде карантинді сақтау талаптарының бұзылуы анықталған кезде әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану бойынша лауазымды адамдардың іс-қимыл алгоритмін» таныстырды.

Жаңа алгоритмге сай жиналған материалдар енді орталық ауруханаға жіберіледі. Сол жерден санэпедстансаға, одан әрі сотқа жолданады. Полиция қызметкерінен бейнежетонымен түсірсе ғана қабылданады.

Алгоритмнің осы және басқа да талаптары жайлы айтып өткен аудан әкімдігі жанындағы мониторингтік топтың басшысы, аудан әкімінің орынбасары Жандос Мнафихұлы: – Күні кеше ғана облыс әкімінде індетпен күрес жөнінде өткен жиналысқа аудан әкімі Қайрат Талапұлы екеуіміз қатыстық. Онда осы жұмыстарды жандандыра түсу бағытындағы нақты тапсырмалар берілді. Айта кетер жайт қаланың барлық асханаларында қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуда. Тамақтанатын үстелдер шахмат тақтасы тәрізді етіп бір-бірінен қашықта орналастырылған. Әрқайсысына төрт адамнан артық отырғызбайды. Асханаға бетпердесіз кіргізбейді. Сізде ол жоқ болса, сол жерде жаңасын береді. Бәрінде антисептиктер, пайдаланылған бетперделерді тастайтын урналар тұр. «Дина» базарында болғанымызда ғана кейбір адамдардың бетпердесіз жүргенін көрдік. Қала көшелерінде де солай.

Енді біздегі жағдайға келсек, тұрғындар көшеде, көлікте түгелге жуық бетперде тағып жүреді. 30 адамнан артық адам кіргізуге болмайтындықтан кафелер жабық. Осыған дейін 65 сақтық шараларын сақтамау бағытындағы құқық бұзушылық анықталды. Бұл біздің мониторингтік топтың, полиция қызметкерлерінің жұмысының нәтижесі. Киіз үй, палатка құрып той, жақсылықтар жасауға тыйым салдық. Біраз адамдарды ұстап, той-томалақтарды тараттық. Тығылып құдалық жасап жатқандардың да үстінен түсіп, 30 минут ішінде тоқтатқан кездеріміз де болды. Бір ұсталған соң екінші рет қайталамайды. Көбіне жан-жағындағы көршілері хабарлап отырды, - дей келе бұған дейін атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, жағдайдың тұрақты бақылауда екенін жеткізіп, топ мүшелері тарапынан туындаған сұрақтарға жауап қайтарды.

6133

Бұл жолғы рейд барысында аудан орталығында орналасқан бірнеше көлік жөндеу орындары (СТО) мен шаштараздардағы сақтық шаралары тексерілді. Олардың кейбірі жабық тұр. Ашық тұрған көлік жөндеу орындарында бетпердесіз жүрген жұмысшылар бар. Алайда бәрінде де бір-екі адамнан басқа келушілер жоқ. Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров пен топ мүшелері барлығына да сақтық шараларын сақтау қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар, бұл жолы тек түсіндірумен шектелгенмен, рейдтің күн сайын жалғасатыны, келесіде айыппұл салынатыны ескертілді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521