Құрманғазы аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында көктемгі кросстан жарыс өтті.
Оған аудан мектептерінен 100-ден астам оқушы қатысып, өзара бақ сынады. Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа баулу. Жарыс қорытындысымен үздік атанған спортшылар медальдар және дипломдармен марапатталды.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі