Көктем кезеңінде орын алатын төтенше жағдайларға басқару органдарының, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының дайындығы мақсатындағы «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ауданымыздың Дыңғызыл ауылдық округіне қарасты «Данай» телімінде өткізілді.
Шара аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Т.Сансызбаевтың аудан әкімінің орынбасары Б.Сисатовқа саптық байқауға және практикалық оқу-жаттығуға күштер мен құралдарының жоғары дайындыққа келтірілгені туралы рапортымен басталып, саптағылардың атқартын қызметі, жұмылдырылатын адам саны, құрал-жабдықтары, техника бірлігі тексерілді.
Оқу-жаттығудың практикалық бөлігінде су тасқынынан қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудегі азаматтық қорғау қызметтерінің шұғыл әрекет ету іс-қимылы пысықталды. Сондай-ақ, су басу аймағынан зардап шеккен тұрғындар мен үй жануарларын қауіпсіз жерлерге эвакуациялау, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, жылы жерге орналастыру, тамақтандыру жұмыстары жүргізілді.
Соңында аудан әкімінің орынасары Б.Сисатов, Дыңғызыл ауылдық округінің әкімі О.Әзімов, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Т.Сансызбаев «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының өз деңгейінде өтуіне атсалысқан барлық азаматтық қорғау қызметтеріне, ауыл тұрғындарына алғыстарын білдірді.
Айбек НӘЖІМОВ