«Көктем-2021» оқу-жаттығуы өтті

(0 Votes)

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюды, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау бойынша іс-қимылдарды, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында  наурыз айының 4-5 күндері «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

«Жаттығуда қиын болса, ұрыста оңай болады», дегендей шара барысында 2021 жылғы су тасқыны кезеңінде төнетін қауіпті, төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-ның басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау пысықталды. Оқу-жаттығуға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Асхат Ержанов, аталған департаменттің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бақыт Абыланов, аудан әкімінің орынбасары Жастілек Хасанов, аудандық төтенше жағдай, өрт сөндіру бөлімдері, полиция, медициналық көмек көрсету қызметтері, басқа да аудандық және Шортанбай, Дыңғызыл, Көптоғай ауылдық округтерінің төтенше жағдайлар құрылымдары қатысты.

chs1

Шортанбай ауылдық округіндегі Жеңістің 40 жылдығы көшесінің ашық алаңында, жаға бойында өткізілген оқу-жаттығу барлық техникалар мен қатысушылар қатысқан саптық байқаумен басталды. Сценарий бойынша сәлден кейін тасқынның және толассыз жауған жаңбырдың салдарынан бөгетті су жарғаны туралы дабыл түсті. Қауіпті жағдай орын алған жерге адамдар мен техникалар жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар құрылымдары дереу қамыс байламдарын, соқаларды, «Камаз» көлігімен төгілген топырақты қапқа салып, бөгет басына тасып, су жарған жерді бекітіп үлгерді. Сондай-ақ су басу қаупі төнген жердегі 154 тұрғын автобустармен, медициналық көліктермен мектепте арнайы дайындалған орынға көшірілді. Зембілдермен жеткізілген адамдарға медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсетті. Барлық зардап шегушілер керуеттерге жайғастырылып, мектеп асханасынан тамақ берілді. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етті. Оқу-жаттығу барысында электр желісі үзілуінен шыққан өртті сөндіріп, адам өміріне төнген қауіпті жою да пысықтаудан өтті. Оқиға орын алған жерге дабыл қаққан өрт сөндіру көлігі жетіп, «Атырау-Жарық» мекемесінің қызметкерлері кранмен электр бағанасының басына көтеріліп, жағдайды қалыпқа келтірді.

chs2

Келесі күні №7 өрт сөндіру бөлімінің ғимараты алаңында 15-тен аса азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер сап түзеді. Оларға командалық бұйрық беріп, оқу-жаттығуға дайындықтың жүзеге асқаны туралы аудан әкімінің орынбасары Ж.Хасановқа аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Т.Сансызбаев рапорт тапсырды. Бұдан кейін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары А.Ержанов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Хасанов қызметтер жетекшілерінің рапорттарын қабылдап, дайындық жөніндегі түсіндірмелерін тыңдап, өздерінің ұсыныстарын жеткізді. Оқу-жаттығу дайындығына өрт сөндіру автокөліктері, жедел жәрдем, басқа да арнаулы автокөліктер келтірілді.

  • Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің 2021 жылғы 1 наурыздағы хаты негізінде «Атырау облысында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру» нұсқауы қабылданды. Осыған орай, барлық мүдделі мекемелер дайындыққа келтірілді.

chs3

chs4

chs5

Оқу-жаттығудың даярлығы барысында азаматтық қорғау қызметтерінің, ерікті авариялық-құтқару құрылымдарының күштері мен құралдарының дайындығын тексеру мақсатында бүгінгі күні сапқа тұрғызылды. Қызметтер жетекшілерінің бақылау мен тексеру барысындағы түсіндірмелері дайындықтың жоғары деңгейін аңғартты – дей келе, аудан әкімінің орынбасары Ж.Хасанов оқу-жаттығуға қатысқан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне, жұмылдырылған аудандық қызметтерге алғысын білдірді.

А.Шакупова  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521