Көк тудың желбірегені...

(9 Votes)

Қазақстан Республикасының рәміздері күніне орай аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен автошеру ұйымдастырылды. Мемлекеттік Туымыз орнатылған бірыңғай ақ түсті автокөліктер легі аудан орталығы көшелерімен жүріп өтті.

Кез келген мемлекеттің Тәуелсіздігін айқындайтын қасиетті белгілер – мемлекеттік рәміздер екені белгілі. Сол себепті, рухымызды аспандатар көк байрағымызды жоғары желбірете көтерген шерушілердің басты мақсаты өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялату болды. Жастардың елдікті насихаттайтын бұл бастамасын жол бойындағы жаяу жүргіншілер де, автокөлік жүргізушілер де құп көріп, тоқтай қалып ерекше құрмет көрсетіп тұрды.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521