Күй өңірінде жекпе-жек айтыс өтті

(0 Votes)

Құрманғазылық Нұрбейбіт Нұғманов пен исатайлық Серікбол Панабердиев арасында жекпе-жек айтыс ұйымдастырылды.

Айтыс десе делебесі қозатын кәрі-жас бұл күні С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйіне асықты. Оны жүргізген Қазақстан Жазушылар одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Қойшығұл Жылқышиев айтыстың жүру барысын таныстырып, қазылар алқасының құрамы мен бақылаушыларды таныстырды. Таныстыру, жұмбақ айтыс, өтірік айтыс, қайым айтыс, түре айтыс деген 5 бөлімнен құралған сөз додасында ақындар ел өміріндегі өзекті мәселелерді қозғап, әр тақырыпты төгілте жырлады.

Қос ақын айтысқанда бір-бірін қағытып, қалжыңдасып өтуді де естен шығарған жоқ. Әр кезең аяқталған соң көрермендер өздеріне ұнаған айтыскерге дауыс беріп отырды. Нәтижесінде қазылар алқасының төрағасы Мүтиғолла Ғани әдемі айтыс көрсете білген екі ақын да тең түскенін хабарлады. Академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиев исатайлық Серікбол Панабердиевке 250 000 теңге ақшалай сыйлықты табыстаса, аудан әкімі Қайрат Нұртаев Нұрбейбіт Нұғмановқа дәл сондай құрмет көрсетті.

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT