«Қара судың қадірін шөлдегенде білерсің» дегендей, Атырау мен Маңғыстау облысының біраз өңірлерін Қиғаштың суымен қамтып отырған «Магистральдық суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мұнай тасымалдау бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынатын бәсекеге қабілетті және серпінді «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының еншілес құрылымы болып табылады.
Магистральдық су құбыры 1988 жылы Қиғаш ауылында пайдалануға берілді, ұзындығы 1905 шақырымды құрайтын құбыр екі облысты кесіп өтіп, Маңқыстау түбегіне жетеді. Еділ суын шаруашылық-тұтынушылық пен өндірістік мұқтаждықтар үшін алып-даярлау және мұнай кен орындарына оны «Астрахан-Маңғышлақ» су құбыры арқылы тасымалдау жұмыстарын жүргізіп отырған ауданымыздың ең ірі мекемелердің бірі.
Қиғаш ауылдық клубында су шаруашылығы қызметкерлерінің және қайта құрылымдаудан өткен «Магистральдық суағызғысы» ЖШС-ның 5 жылдың мерейтойына орай үлкен шара ұйымдастырылды. Сушылардың қос мерекесінде ауыл өнерпаздары «Сарқыра Қиғашым» атты мерекелік концертте ән мен жырдан шашу шашып, шашбауларын көтерді. Білікті өндіріс басшысы Канбетов Мади Мақсотұлы жетекшілік етіп отырған «Қиғаш» Бас су сорғы стансасына ұжымына құрмет көрсетіліп, Алғыс хат табысталды.
Айман БЕРДЕШОВА,
клуб қызметкері