«Қазпошта» АҚ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен бірлесе отырып Атырау облысындағы ауылдық пошта байланысы бөлімшелерінде мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Енді аталған өңірлердің тұрғындары ауылдық пошта бөлімдеріне шамамен 27 мемлекеттік қызметті ала алады. Оның ішінде жәрдемақының кейбір түрлерін, мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы қызметтерге құжаттарды рәсімдей алады, мекен жай бойынша тіркеліп, мұрағаттық анықтамаларды немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін ала алады. Қазпошта ұйымдастырушылық-дайындық жұмыстарын әрі интеграциялық процестерді жүргізді.
Осы орайда, ХҚО ақпараттық-коммуникациялық жүйесінде жұмыс істеу үшін ауылдық бөлімшелердің операторлары оқытылды. Ауылда мемлекеттік қызметтерді ұсыну тұрғындарға аудан мен қалаға жолға кететін уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік беріп, ауылдық бөлімшелері жұмысын ынталандыруға әрі олардың экономикалық тиімдігілігін арттыруға жол ашады.
Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет алуға болатын бөлімшелер:
3) Алға АПББ – Атырау обл., Құрманғазы ауданы, Алға ауылы, Мақаш аким көшесі, 15; 4) Котяевка АПББ – Атырау обл., Құрманғазы ауданы, Бөкейхан ауылы, Құрманғазы көшесі, 69 үй;