К.Қажымғалиева: Ата-аналар үшін…

(0 Votes)

Қазіргі таңда ата-аналар баласымен ауызша сөйлесуді ұмытып қалған. Әңгіме-ертегі, өлең оқып бермейді, бұрынғы “қуырмаштарды” айтпайды. Бұның бәрі балаға қажет. Ол осылай тәрбиелуі керек.

Бұрын қазақ бесік жыры, ертегілер, қуырмаш, тіпті асық ойындарының өзі осы балалардың дамуы үшін ойлап табылған. Ал қазір мұның бірі жоқ. Керісінше балаға телефон беріп, теледидардың алдына телміртіп қояды. Уақытын алып, жыламаса болды. Байқасаңыздар, қазақ ертегілеріндегі кейіпкерлерден гөрі қазіргі балалар аюы бар Машаны, сап-сары Спанш Бобты жақсы таниды. Сол үшін де қоғамымызда бір-бірін түсіне алмайтындар көбейіп келеді. Ата-аналар логопедтің кабинетінен баласын алып шыққан соң үйде баламен белгілі бір уақытта ғана сөйлеседі. Олай дұрыс емес. Барлық уақытыңызды баламен қарым-қатынасқа бөліңіздер. Оларды тыңдаңыз, сөйлесіңіз. Баламен бәрі еркін әрі ашық түрде өту керек. Оған ойын ойнатып, сол арқылы баламен қарым-қатынас жасау тиімді. Оны белгілі бір ережелерге салудың қажеті жоқ. Мысалы, балаға анасы күні бойы ертегі айтса бұл оған пайдалы болар еді. Ертегіні тыңдаған кезде баланың ой-өрісі дамиды, көз алдына елестетеді.Балаларыңыздың әрбір әрекетін қадағалаңыздар. Олармен бірге сөйлесіңіздер. Баланың тілін түсінуге тырысу керек. Көшеде баласын ерткен ата-аналарды жиі көремін. Баланың қолында гаджет, жанында анасы телефонмен сөйлесіп жүреді. Егер бала ата-әжесінің қолында болса, әжесі үнемі сөйлеп жүреді. Ертегі айтады, айналадағы нәрселерді көрсетеді, ән салады – баламен қарым-қатынас болады. Ал баламен сөйлесуде осындай әртүрлі тәсілді қолдану керек деп айтар едім. Тағы бір айтарым – баланың ой-өрісін кеңейткіңлеріңіз келсе, кішкентайынан классикалық әуендерді тыңдату керек. Сол кезде бала әсемдікке, әдемілікке, баппен сөйлеуге, дұрыс ойлай білуге үйренеді.Бұдан басқа да әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Мысалы, анасының екіқабат кезінде жұқтырған түрлі вирустары немесе сәби кезінде дұрыс салынбаған екпелер, экологиялық проблемалар – бәрі де әсер етеді. Жоғарыда айтылған тіл кемістіктері физиологиялық кемістіктерге жатады. Бірақ кейбір балаларда тіл дамуының қалыптасуы дұрыс болмай, тежеушілік болады. Сөйлеудің бұзылуына көп жағдайда артикуляциялық аппараттың жеткілікті түрде нық жұмыс істемеуі себеп болады. Қажетті артикуляциялық қалыптарды қалыптастыру үшін артикуляциялық гимнастика жаттығуларын жасау керек. Мұндайда баланы логопед маманына көрсетіп, кеңес алған дұрыс. Балалардың дұрыс сөйлеуін тәрбиелеуде ата- аналардың отбасының ролі өте үлкен. Логопед ата- аналарға отбасындағы қызметті дұрыс ұйымдастыруға көмек береді. Ата- ана логопед берген тапсырмаларды күнделікті қайталап отыру қажет. Балалармен сабақты айна алдында өткізген дұрыс. Себебі балалар артикуляциялық аппарат мүшелерінің қозғалысының дұрыстығын бақылай алады. Түзету жұмысының басталу кезінде сөйлем мүшелерінің қимыл қозғалысын дамыту. Дағдыланған тез рет қайталату қажет. Ата-аналар баланың артекулярлық аппаратарын бала дұрыс айтпайтын дыбыстарды дұрыс айтуды дайындауға көмектеседі. Басты дыбыстар тобына арналған жаттығулар жинағы және де ысқырық ыздың дыбыстардың дифференсациялануы, қатаң , ұяң және мұрын жолды үнді дыбыстар (р,л) балаларға өте қажет .

Баламен үйде жұмыс жасағанда ата –ана мына ережелерді есте сақтауы қажет:

— Жасайтын жаттығу туралы логопедтің түсіндіру ойын түрінде әңгімелеуі:

— Айнаның алдында баланың жаттыгуды жасауы;

— Жаттыгуды қалай жасағанын тексеріп, қателерін түзетіп отыруы;

— Жаттыгуларды орындауға баланы күштеп жұмылдырмау;

— Қолдың ұсақ маторикасына арналған ойындар ойнату ( кубик, фазыл, конструктор, және т.б.):

— Жылдам сөйлеуге жол бермеу ( өйткені бала жас кезінде ойын, көргенін тез жеткізуге тырысады. Оның ақыры тұтығуға әкеліп соғуы мүмкін).

Осы кемістіктерді болдырмау, түзету үшін әрбір ауданда психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері бар.Түзеу кабинетінде логопед, дефектолог, психолог, әлеуметтік педагог, ЛФК мамандары балалармен түзету жұмысын жүргізеді.

 

Қажымғалиева Клара Өмірзаққызы,

Құрманғазы ауданы білім бөлімінің №5 психологиялық педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі

Сурет ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT