Мектебіміз жыл сайын жас мамандармен толығуда. Бұл – әрине, қуантарлық та, құптарлық жағдай. Осы орайда, еңбек жолын жаңадан бастаған жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету – мектептегі маңызды жұмыстардың бірі.
Жас мұғалімдердің әдістемелік дағдыларын, үнемі өздігінен даму мен өздігінен жетілуде керек қажеттіліктерін, шығармашылық қызметінің жеке стилін қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында Абай атындағы жалпы орта мектебінде “Шығармашылық. Құзыреттілік. Бастама” тақырыбында орыс тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Нұргүл Талғатбекқызының жетекшілігімен “Жас мұғалімдер” мектебінің апталығы өткізілді.
Апталық аясында шығармашыл жастардың құзіреттілігі, жаңа бастамалары көрінді. Оған дәлел ауданымызда алғаш өткізілген “Қазақша QUIZ” ойыны.
Ойынға ауданымыздың Ломоносов, Бегалиев, Еңбекші, З.Серікқалиұлы, М.Әуезов, Ә.Сәрсенбаев мектептері қатысты.
Мектеп директоры Жамал Әдебиетқызы, Жастар ресурстық орталығының мамандары Ж.Насиполлаева мен Д.Муратова, Еңбекші орта мектебінің жас маман, облыстық QUIZ ойындарының жүлдегері А. Отарбаева ойынға төрелік етті.
Нәтижесінде Бегалиев орта мектебінің жас мамандарынан құралған “45 минут” тобы ойын жеңімпазы атанды.
Қайырбеков Мақсат,
Абай орта мектебі