«Қарулы күштер – тәуелсіз елдің қорғаны» атты мерекелік шара

(0 Votes)

Еліміздің қуатты Армиясының құрылған күніне орай атап өтілетін 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қарулы күштер – тәуелсіз елдің қорғаны» атты ерлікті паш ететін тағылымды шара өтті.

Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Хасанов жүрекжарды тілегінің соңында Ғизат Әліпов ауылының тұрғыны, әскери міндетін өтеу кезінде қайтыс болған жауынгердің анасы Нәсіпхан Қажиеваға «Ана жүрегі» төсбелгісі мен аудан әкімінің естелік хатын табыстады.

Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері, отставкідегі подполковник Ғарифолла Оралбекті Атырау облысының «Ардақты ардагер» алтын белгісімен марапаттады. Сондай-ақ, Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерінің, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беріп жүргендердің бірқатарының өңіріне төсбелгілер мен мерекелік медальдар қадады.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ернар Мұхамбеталиев құттықтау тілегін арнап, бір топ әскерге шақыру жұмыстарына белсене араласып жүрген ауылдық округтің мамандарына, бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне, аудандық шақыру комиссиясы мүшелеріне де осындай ұлығылау құрметін көрсетті.

Шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, домбырадан күй төгілдірді.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT