"Қарлығаш" би тобы жеңімпаз атанды

(0 Votes)

Мәдениет, жан мен тән сұлулығын, махаббатқа толы мөлдір сезімді, нәзіктік пен әсемдікті баяндайтын «Халықаралық би күніне» орай С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Биле, биле бишілер!» би байқауы ұйымдастырылды.

Өнердің озық үлгісі би жанрын насихаттайтын аудандық би жарысына өңірлерден 14 би тобы қатысты. С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің хореографы, «Гауһартас» би тобының жетекшісі Жұмабаева Назерке, аудандық оқушылар үйі директорының орынбасары Меңдігазиева Кәмшат, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі жанындағы Дүйсенғали Ғұмаров халық театрының режиссері Ғапуова Айжанар төрелік еткен қазылар алқасының құрамы шешімімен «Бас жүлде» - «Қарлығаш» би тобының 1-құрамына бұйырды (жетекшісі Клара Мадекешова).

Жүлделі І орын – «Назбике» би тобы (жетекшісі Нұрлы Омарова).

ІІ орынды - Шортанбай ауылдық округінен «Еркем-ай» би тобы (жетекшісі Жайдарлым Қабдрахманова), Бөкейхан ауылдық округінен «Жұлдыз-ай» би тобы (жетекшісі Айнұр Шукаева), Көптоғай ауылдық округінен «Шабыт» би тобы (Жетекшісі Мейрамгүл Махмутова) иеленді.

ІІІ орынмен - Ақкөл ауылдық округінен «Илигай» би тобы (жетекшісі: Зарина Какимова, №80 бастауыш мектебінен «Алаш» би тобы (Жетекшісі: Алмагүл Нигметова), Бірлік ауылдық округінен «Гүлдер» би тобы (жетекшісі Айша Аманғалиева), Мақаш ауылдық округінен «Тұмар» би тобы (жетекшісі Райса Айтасова), Жаңаталап ауылдық округінен «Қарлығаш» би тобының 2-ші құрамы (жетекшісі: Клара Мадекешова), Бегалиев жалпы орта мектебінен «Жұлдыз» би тобы (жетекшісі: Гүлмаржан Ажмеденова), Абай жалпы орта мектебі жанындағы «Шабыт» би тобы (жетекшісі: Альбина Төлегенова), Әуезов жалпы орта мектебі жанындағы «Шұғыла» би тобы (жетекшісі: Айзада Құрарова) марапатталды.

Бегалиев жалпы орта мектебінен «Балауса» би тобы (жетекшісі: Гүлмира Шандонова) «Алғыс хатпен» ұлығыланды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT