Бірлік ауылдық округі бойынша 2023 жылдың І жартыжылдығына мемлекеттік тапсырыспен шығатын республикалық және өңірлік басылымдарға жазылуды ұйымшылдықпен аяқтадық.
Жүзеге асырылған ізгі іске белсенді қатысқан округ тұрғындарына, еңбек ардагерлеріне, мекеме басшыларына, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарияларға рухани демеу болған жеке кәсіпкерлерге, «Каспий-Балық» ӨК-не, С.Н.Имашев жалпы орта мектебінің директоры Р.Сапаровқа, А.Иманов негізгі мектебінің директоры міндетін атқарушы Т.Зайровқа, «Жұлдыз-ай» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі А.Сахбалиеваға, Бірлік дәрігерлік амбулаториясының дәрігері А.Нурбаеваға, шаруа қожалығының иесі Д.Кусановаға және жеке кәсіпкерлер С.Кенжееваға, С.Салиховаға, Б.Кумароваға, С.Балқыбаеваға, Ж.Камаловаға алғысымды білдіремін!
Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке-бірлік нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!
«Серпер» ұжымына шығармашылық табыс, денсаулық, отбасы амандығын тілеймін. Басылымдарға жазылу әлі де жалғасуда.
Г.Абенова, Бірлік ауылдық округінің әкімі.