Ғаламтор үстемдік құрып тұрған кезеңде де көзі қарықты оқырман бәрібір газет-журналдан қол үзбек емес. Қай заманда да рухани азығымыз мерзімді басылымдардың орны бөлек.
Жылына екі рет жүргізілетін мерзімдік басылымдарға жазылу науқанының өзектілігімен бірге саяси маңызы өте зор. Осы орайда Азғыр ауылдық округі бойынша аудан айнасы – «Серпер» қоғамдық-саяси газетіне жазылудың 280 дана болжамын артығымен орындап, 285 данаға жазылғанымызды атап өткізіміз келеді. Бұл науқанда ұйымшылдық танытқан округтегі мекеме басшыларына, барша ауылдастарыма, еселі еңбегі үшін өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қараған пошта меңгерушісі Ж.Бисеновке ризашылығымызды білдіремін. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» дегендей бұл көптің қолдауымен бітетін жұмыс. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау араз болса, ауыздағы кетеді», деп дана бабаларымыз айтқандай, алға қарай да бірлескен жұмыстарымыз жалғасын таба берсін!
Ж.Жаманқұлов, округ әкімі