Бүгінгідей әлеуметтік желілер дамып, озық технологиялар өрге басқан заманда да газеттің орны бөлек.
«Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-сі 2021 жылдың І жартыжылдығына аудандық «Serper» қоғамдық-саяси газетіне 1512 данаға жазылып, болжамды 128,1%-ға орындап, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесін жақсы көңіл-күймен қарсылады. Бұл біз үшін мерей, ұйымшылдығымыздың, ауызбіршілігіміздің көрінісі.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, округ әкімшілігі атынан жазылуда белсенділік танытқан ауылдың үлкен-кішілі тұрғындарына, мекеме басшыларына, кәсіпкерлерге, аз қамтылған отбасыларын басылымға жаздыруда демеушілік жасаған «Ганюшкин құрылыс» ЖШС басшысы Е.Құрмановқа, аудандық соттың төрағасы Е.Аманғалиевке, Ж. Хайрушеваға («Стимул петро групп» ЖШС), А.Қайсағалиевке («Мерей» ЖШС), Р. Рахимовке («Серпер сауда» ЖШС),жеке кәсіпкерлер Е.Таяшев, Қ.Үмталиев, С.Баязитов, Қ.Боханов, Б.Шаяхметов, М.Ғабдушев, Т.Шарипов, А.Сатыбалдиевке, алғашқы болып жоспардан шыққан мекемелер, №7 өрт сөндіру бөліміне (Ә.Қонқаев), «Құрманғазы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне» (Б.Ғабдолова), «Мерей» бөбекжай балабақшасына (Ж.Мұратова), аудандық жұмыспен қамту орталығына (Б.Өтеулиев), «Құрманғазы аудандық ауруханасы» ШЖҚКМК-на (Г.Мүтиева), Д.Нұрпейісова атындағы өнер мектебіне (М.Боханова), Г.Құбаеваға, «Серпер» базарының кәсіпкерлеріне ризашылығымызды білдіреміз.
Баршаларыңыздың отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жемісті еңбек тілеймін! Келе жатқан Жаңа жылымыз құтты, сәттілік серіктесіңіз болсын! «Serper» қоғамдық-саяси газетінің Айнагүл Күнұзаққызы бастаған ұжымы сіздердің шығармашылық шабыттарыңыз шарықтап, оқырмандарыңыз көбейе берсін!
А.Муса,
Құрманғазы ауылдық округінің әкімі