Мерзімді баспасөзге жазылудың да аяқталуына санаулы күндер қалды. Ол да ертең сынапша сырғып өте шығатыны анық.
Ауданымыздың жалғыз басылымы «Серпер» қоғамдық-саяси газетіне жазылу әлі де жалғасуда. Күні кеше тағы бір округ болжамнан шығып оқырмандарымызды қуантты. Ол Көптоғай ауылдық округі.
«Ұйымдастыра білген ұтатынын» дәлелдеп, әкімдік қызметіне кіріскеніне көп болмаса да Қайрат Бөлеков өзінің іскерлігімен тәнті етті. Округте ірі өндіріс орындары болмаса да, тұрғындардың аудан айнасына жазылуына жағдай жасады. Ешқандай демеушіліксіз, өз күштерімен болжамнан шықты. Бұл жөнінде бізге жіберілген жеделхатта: «Көптоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 2021 жылдың І жартыжылдығына мерзімді баспасөзге жазылуда Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетіне берілген 200 дана болжамды 204 дана етіп артығымен орындағанын қаперіңізге беремін!», делінген екен. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», дегендей соңғы жылдары аудандық басылымға жазылуда ұйымшылдық танытып, әкімдеріне қолдау білдіріп, абырой биігінен көрініп жүрген көптоғайлық оқырмандарымызға Жаңа жылда да жақсылықтарыңыз көп болсын, отбастарыңызбен бірге алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіздер деген ізгі тілегімізді білдіреміз!
Редакция