Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Оның аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.
Аудандық Жастар ресурстық орталығында "Отбасы күні" мерекесіне орай "Үйлену оңай, үй болу қиын" тақырыбында импровизациялық сұхбат өтті. Оған екі ай бұрын отау құрған Мақаш ауылдық округінен Жақсығалиевтер және отау құрғандарына 13 жыл өткен Сағындықовтар әулеті қатысты. Шаңырағын енді көтерген жастар мен тәжірибелі отбасы арасында өзара ой-алмасу өрбіді. Олар танысу сәтінен бастап, жанұялық өмірдің өзіндік қызықтары мен қиындықтарын еске түсіріп, естен кетпес есті күндерімен бөлісті. Мерекелік басқосу отбасылық жұптардың үстел теннисімен жалғасын тапты. Шара соңында орталық атынан алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Дархан Мұратқызы,
Құрманғазы аудандық Жастар
ресурстық орталығының инспекторы