Үйірлі шегіртке үрей әкелмейді

(0 Votes)

Ағымдағы жылдың ішінде аудан аумағы бойынша жалпы көлемі 5000 гектар алаңға үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жүргізілді.

Оның ішінде: итальян прусына (қыр аймағы) қарсы 2100 гектар, азиат шегірткесіне (Каспий теңіз жағалауы) қарсы 2900 гектар. Өңдеу жұмыстары авиациялық әдіспен дельтолет ұшағымен жергілікті атқарушы органдар, шаруа қожалықтары және тұрғындардың қатысуымен маусым айының ішінде бірлескен түрде жүргізілді. Үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу өз уақытында және сапалы өтті.

Аудандық штаб төрағасы Ж.Бектеміров бұл жұмысты тікелей өз бақылауына алып үйлестіріп отырды. Алдағы тамыз айының ішінде үйірлі шегірткенің аудан аумағында қонуы байқалған жағдайда шаруа қожалық иелері және тұрғындар аудандық аумақтық инспекциясының 2-30-62 телефон нөміріне шұғыл түрде хабарласулары сұралады.

Бүгінде шағылысу, жұмыртқа салу кезеңінде жоспарлы мониторинг жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша үйірлі шегірткеге қарсы 2020 жылдың химиялық өңдеу жұмыстарының жоспары анықталатын болады.

В.Никешин,

аудандық аумақтық инспекциясының өсімдік қорғау жөніндегі бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT