Әйелдерге зорлық-зомбылық – қоғам кеселі

(0 Votes)

Атырау облыстық полиция департаментінің №1-30-4-52/6301-И санды нұсқауына сай, аудан көлемінде «Әйелдерге қатысты зорлық-қомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде.

img_6077

Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, оның алдын алу, ана мен бала құқығын қорғау, қоғамдағы отбасы рөлін күшейтуге бағытталған жүйені қалыптастыру. Аудандық жастар ресурстық орталығы мамандары мен полиция майоры Базаргүл Караева акция барысында орталық «Серпер» базарын аралады. Ондағы сатушы, тұтынушы әйел адамдарға жадынамалар мен ақпараттық буклеттер, «сенім телефондары» және отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған дағдарыс орталығының байланыс нөмірі жазылған брошюралар таратты. Сондай-ақ, тұрғындардың қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді. Акция жалғасын табады.

img_6080

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521