Әйелдердің ел дамуындағы рөлі

(0 Votes)

Атырау қаласында осындай тақырыппен өткен форумға құрманғазылық белсенді қыз-келіншектер қатысты.

Оған журналист, «Орда FМ» радиосының директоры Мейрамгүл Мәдәлі модераторлық етіп, «Amanat» партиясы Атырау облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Арман Азаматов форумға қонақтарына қош келдіңін айтты. Форумның мақсаты – қазіргі әлемдегі әйелдердің рөлін талқылау, жүйелік мәселелерді шешудің жалпы тәсілдерін әзірлеу, «Amanat» партиясының әйелдер қанатын құру. «Әйелдер: жаңа жағдайдағы жаһандық миссия» тақырыбындағы пленарлық сессия барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Закиева ел дамуындағы әйел-аналардың рөлі туралы сөз қозғады. Қоғам қайраткері Рашиля Мүрсәлиева «Әйелдер миссиясы: бірге салауатты бүгініміз бен болашағымыз үшін», саясаткер әйелдер клубының төрайымы Нұрлы Әйтиева «Гендерлік саясаттағы әйелдердің орны», №1 қалалық емхананың әйелдерге кеңес беру бөлімінің меңгерушісі Айқияш Шунаева «Құқықтық сауаттылық – отбасын жоспарлаудың негізі» тақырыптарында баяндамаларын ұсынды. Жеке кәсіпкер Айсұлу Оразбаева «Армандаңыз – армандар орындалады», «Тәтті әлем» аспаздық үйінің директоры Марал Қалиева «Қаржылық сауаттылық – отбасы бюджетін жоспарлаудың негізі» атты семинар-тренингтерін ұйымдастырды. Форум барысында әйелдердің қаржылық сауаттылығын арттыру, жеке өзін-өзі дамыту, отандық бизнеске басымдық беру, экономикалық өсудің жаңа үлгілеріне көшу мәселелері қызу талқыланды.  

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT