Көшбасшы аналар семинары

(0 Votes)

Аудандық аналар кеңесі  жанындағы "Жансая" көшбасшы аналар клубы аудандық кітапханада "Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт" республикалық жобасының  екінші бағытының  14  тармағына  сай  "Әйел - аналардың жеке дамуы" тақырыбында көшбасшы аналардың семинарын өткізді.

Аталмыш республикалық жоба 2021 жылы 21 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі хаттамасының 2 тарауы, 1 тармағына сәйкес қолға алынған болатын. Семинарға аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова, ардагер аналар, аналар кеңесі, "Жансая" көшбасшы аналар клубының мүшелері, мәдени қызметкерлер, кітапханашылар, мұғалімдер, кәсіпкерлер қатысты. "Көшбасшы әйелдердің сөйлеу өнерін дамыту" тақырыбында Динара Ғатауованың өткізген шеберлік сыныбы әсерлі болып, қатысушылардың көңілінен шықты. Спикер топқа бөлінген клуб мүшелерімен кері байланысты да іске асыра білді. Зәмзагүл Оңдасынқызы "Көшбасшылықтың әйел-аналар үшін маңызы" деген атаумен жүргізген сыр-сұхбатында өмірмен байланысты шынайылық көрінді.

jelderdi-el-damuynday-rli2

Осы алған мағлұматтары бойынша практикалық жұмыс ретінде "Көшбасшы болудың сыры" тақырыбында Гүлмира Үмбетова тренинг ұйымдастырды. Қатысушылардың белсенділігі жоғары болды. Аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова семинардың өтуі, көшбасшы аналардың білім жетілдіру маңызы туралы сөз сөйлеп, алдағы жұмысқа сәттілік тіледі. Шара қонағы, қарапайым тігінші болған ауданға белгілі ана, "Құрмет белгісі" орденінің иегері Қасиет Зұлхарнаева семинар жөнінде өзінің пікірімен бөлісті.

j

Шараға қатысушылар семинардың өткізілуін "Екі жұлдыз бір тілек" әдісімен бағалады.

 

 

 

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT