Әйел, ана жанына сая болатын "Жансая" клубы ашылды

(0 Votes)

Аудандық аналар кеңесінің жанынан «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының аясында «Жансая» көшбасшы аналар клубы құрылған болатын.

Оның ашылуына орай аудандық орталықтандырылған кітапханада «Көшбасшының қос тірегі: парасат пен іскерлік» тақырыбында шара ұйымдастырылды. Клуб жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Зәмзагүл Оңдасынқызы қош келдіңін айтып, аналарға арнау өлеңін оқыды. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының негізінде ауылдық округтерде, мектептерде атқарылып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асатын  игі шаралардан хабардар етті.

k

Клуб мүшесі, ұстаз Гүлнар Әділбекқызы «Таныса отырайық» тренингін жүргізді. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы, клуб мүшесі Айгүл Сейтжанова «Жансая» көшбасшы аналар клубының ережесін слайд арқылы таныстырды. Акушер-гинеколог, клуб мүшесі Саида Зұлхашева «Ана мен бала саулығы – ұлт байлығы» тақырыбында баяндамасын ұсынып, жүкті әйелдер мен туу көрсеткішінің мәліметін қаперге берді. Мектеп түлектерін дәрігер мамандығын таңдауға үгіттеу қажеттігін, оның артықшылықтары мен Үкімет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді  тілге тиек етті. Аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупова торғайлық ақын Саят Әбеновтің «Сен, бәрінен бақттысың» өлеңін оқыды. Тренер Гүлнар Қаражігітова «Ана махаббаты – көктемнің шуағы» атты ұжымдық сурет салуды ұйымдастырды. Шарада аудан өнерпаздары Гүлзада Жұмалиева, Айнагүл Қайырова әйел, ана туралы әсем әндерін орындады.

kitapkhana-sharasy

s

Алтын алқалы ана, ардагер-ұстаз Жәннат Құрманғалиева, еңбек ардагері Сәркен Нұрғожина, сауда, мәдениет саласының ардагерлері Балапан Тайпақова, Гауһария Кінәмақызы, аудандық мәслихат депутаты Гауһар Болатбаева, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жаннат Сидеғалиева ізгі тілектерін білдіріп, әйел, ана жанына сая болар «Жансая» клубының жұмысына сәттілік тіледі. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектептің директоры Алтын Қаменова кері байланысқа шығып, өзінің ұсынысын да ортаға салды.    

k             

 

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT