Жаңа жыл алдында аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде дәстүрлі «Jas DARYN-2023» жастар номинациясының 2023 жылғы үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара алдында биыл құрылғанына 10 жыл толып отырған аудандық Жастар ресурстық орталығы туралы бейнетүсірілім тамшаланды.
Орталықта 13 қызметкер бар. Аудан халқының 24,6 пайызы жастар, яғни, 16978-і. Бейнетүсірілім барысында қатысушылар орталықтың жастар саясатын іске асыруда жасап отырған жұмыстарына қанықты. Аудан әкімі Абат Жанғалиев жыл үздіктерін құттықтап:
– Жастар бүгінде ауданымызда қарқынды жұмыс жасап жатыр. Түрлі бағдарламаларға белсене қатысып, оны жүзеге асыруға өз үлестерін қосуда. Құрманғазы жері дарынды жастарға бай. Олар әр салада жұмыс жасап, биіктерден көрінуде.
Біз қасиетті Тәулсіздігімізді одан әрі нығайта түсу мақсатында одан әрі еңбектене беруіміз қажет. Сондықтан сіздерді ел дәуірінің, тарихымыздың жаңа кезеңінде аянбай еңбек етуге шақырамын,– дей келе, 2023 жыл қорытындысымен әртүрлі қызметтегі жастардан Мұрадым Мұзафарға «Үздік жас мемлекеттік қызметкер», Мирас Байымбетовке «Үздік жас төтенше жағдай қызметкері». Олжас Сдыховқа «Үздік жас полиция қызметкері», Гүлшат Истулинаға «Үздік жас дәрігер», Асылай Мақсотоваға «Үздік жас ұстаз», Әди Бектеміровке «Бейбіт күннің батыры» аталымдарын табыстады. Келесі кезекте аудандық мәслихаттың депутаты Гүлжанат Қалиева құттықтап, бір топ жастарды, атап айтсақ, Ерасыл Самиғоллаевты «Үздік жас мәдени қызметкер», Әнуарбек Сәбитовті «Үздік жас көшбасшы», Нұрайлым Бақытжанды «Үздік жас спортшы», Айгүл Қыдырованы «Үздік жас студент», Руслан Мұхтаровты «Үздік жас волонтер», Самат Айдарәлиевті «Үздік жас кәсіпкер» аталымдарымен ұлығылады.
Аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Аян Жексенбай жастар саясатын ауданымызда жүзеге асыруда бірлесе жұмыс жасаған облыстық мәслихаттың депутаты Зәмзәгүл Карсакова, аудандық аграрлық-техникалық колледждің директоры Болатбек Өтегенов, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу орталығының басшысы Алихан Өтпеқалиев, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Анар Мусина, аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің директоры Жалғас Сағындықов, әр жылдары орталықты басқарған Бахтияр Вахитов, Ернар Боранғалиев, Бекзатқали Қазихановты Алғыс хаттармен марапаттады.
Шара барысында аудан өнепаздары мен оушылар әсем әндер мен билер орындады.
Қанат ҒҰМАРОВ