2022 жылғы 1 қарашадан бастап бүгінгі күнге дейін Атырау облысы ТЖД күштерімен Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылының "Шарон" өзенінде 1969 жылы туылған азамат Т.Н. іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Азамат Т.Н. 2022 жылғы 1 қарашада сағат 18:30-да "Шарон" өзенінен қолдан жасалған қайықпен жүзіп өтпекші болған кезде, аударылып, суға батып кеткен. Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 7 қызметкері, 1 жүзу құралы және 2 бірлік техникасы; жергілікті тұрғындардан 20 адам, 2 бірлік техника, 1 бірлік қайық; аудандық ПБ 3 қызметкер және 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары! Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауыңызды сұраймыз!
Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы