ІТ сыныптары ашылды

(0 Votes)

Бегәлиев атындағы жалпы орта мектепте Елбасы Н.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен ІТ сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Оған аудан әкімі Қайрат Нұртаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Еділ Баяров, мектеп директоры Гүлжанат Қалиева және бір топ ұстаздар қатысты.

i

i

i

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы ұстаздарды ІТ сыныбы ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Жаңа сынып алдына керілген лентаны аудан әкімі Қ.Нұртаев пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ө.Есенғазиев қиды. Мұнда 11 ноутбук қойылған. Сабақ түсіндіретін мультимедиа тақтасы, басқа да қажетті құралдар бар. ІТ сыныбының салтанатты ашылу шарасы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектепте жалғасын тапты.

i

i

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521