Өңірлік кеңестегі өзекті мәселе

(0 Votes)

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы жанындағы өңірлік кеңестің кезекті отырысын оның төрағасы, шаруа қожалығы жетекшісі Есболат Құбашев ашып, күн тәртібіне екі мәселе қойылғанын хабардар етті.

Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қайрат Насипов жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимі, ондағы рұқсат етілетін және тыйым салынған қызмет түрлерін таныстырып, қолданылуын түсіндіріп өтті.

Қаралып отырған мәселеге орай кеңес мүшелері, жеке кәсіпкер Мерғали Ғабдушев, «Құралай» корпорациясының менеджері Батырбек Әміров, «Еңбекші» ет кешенінің басшысы Бержан Кенжебаев және «Құрманғазы» ӨК төрағасы Сабыржан Сұлтанов өз пікірлерін білдірді.

 «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы директоры Ануарбек Сәбитов «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беруде кездесетін кедергілер төңірегінде айтып өтті.

Бұл бойынша да кеңес отырысына қатысып отырған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асқар Мұфтах, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ерлан Хисметуллин шешу жолдарына тоқталды. Талқылаудан кейін өңірлік кеңестің қаулысы қабылданды. 

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT