Өңірлік бас редакторлар клубының төрағасы сайланды

(0 Votes)

«Атырау-Ақпарат» ЖШС бастамасымен құрылған Атырау өңірлік бас редакторлар клубы өз жұмысын бастады.

Алғашқы отырысы Құрманғазы ауданында өтті. Шара барысында Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, елімізге есімі танымал ақын, ондаған жыр жинақтарының авторы Таңатар Дәрелұлы Атырау өңірлік бас редакторлар клубының төрағасы болып сайланды.Облыс көлемінде түрлі басылымдардың бас редакторлары мен осы қызметті атқарған сала ардагерлерін және Қазақстанның Құрметті журналистерін біріктірген ұйымды басқару басшымызға көрсетілген үлкен сенім, ұжымымыз үшін зор мақтаныш деп бағалаймыз.

Тасмұханұлы Дәрелов 1954 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Калинин селосында дүниеге келген. Нұртау ауылынан орта мектепті аяқтап, Гурьев қаласында жүргізушілік 4 айлық курсты бітірді. 1972-1974 жылдары Кеңес Армиясы қатарындағы әскери борышы өтеді. Әскерден келген соң 1974 жылы Бейнеу станциясында әскерилендірілген күзетші отрядында күзетші болып 1977 жылдың қаңтарына дейін жұмыс жасады.1977 жылы тұратын ауылы Нұржауға келіп, жаңадан құрылған «Октябрь» кеңшарында құрылысшы болып еңбек жолын бастады. Кейін кеңшар комсомол ұйымының хатшылығына сайланып, бұл қызметте 1983 жылға дейін еңбек етті. 1983 жылы сол кездегі Теңіз аудандық «Ленин жолы» газетіне жұмысқа ауыстырылды.1983-1993 жылдары «Ленин жолы», кейін «Кеңес үні» болған аудандық газеттің тілшісінен, бөлім меңгерушісінен, жауапты хатшыдан редактордың орынбасары болып тағайындалды.

1993 жылы С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби) Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, аудандық газеттің бас редакторлығына тағайындалды. 2004 жылдың қаңтар айынан осы мезгілге дейін газеттің жаңадан атауы ауыстырылған «Серпер» аудандық газетінің бас редакторы қызметін атқарып келеді.

Т.Дәрелов қоғамдық жұмысқа да белсене араласады.Тапсырылған іске өте мұқият, білімді, адамдармен тез тіл табады, ең бастысы жауапкершілігі жоғары, тәжірибелі редактор. Осы қызметте ол аудандық «Серпер» газетінің идеялық-көркемдік дәрежесін көтеруге, басылымның мемлекеттік саясатын жүйелі, дәйекті жүргізілуіне өзінің мол тәжірибесін жұмсап келеді. Өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін қызметкер, еңбекқор, қарапайым, адамгершілігі мол азамат ретінде ұжымның үлкен беделіне ие болды.

Таңатар Дәрелұлына жаңа қоғамдық қызметінде мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, отбасына амандық тілейміз! Зоя апамызбен бірге бақытқа толы ұзақ ғұмыр кешіп, ұрпақ қызығына бөлене беріңіз!

Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521