Ірі көлемде контрабандалық тауар анықталды

(0 Votes)

Шекара қызметінде 2020 жылы болған өзгерістер өз жемісін бере бастады. Оған дәлел  ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты «Құраманғазы автокөлік» өткізу бөлімшесінде орнатылған испекциялық тексеру кешенінің көмегімен екінші  ірі көлемді контрабандалық тауардың анықталуы.

Қыстың соңғы күнде қаһарына мінген қыстың боранымен жағаласып заңсыз пиғылын жүзеге асырмақ болған Ресей елінің азаматы тоқтатылды.

Қазастан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті күннен күнге оң нәтижеге қол жеткізіп келеді. Орнатылғанына көп бола қоймаған «Құрманғазы автокөліктік» бөлімшесіндегі испекциялық тексеру кешені (ИТК) тексеріп бақылау жұмысында озық екенін дәлелдеп келеді. Оған мысал күні кеше яғни наурыз айының 1-ші жұлдызында болған заң бұзушылықты атап айтсақ болады.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты «Құрманғазы» автокөліктік бақылау бөлімшесінде Ресей азаматы «СКАНИЯ» маркалы жүк көлігімен өтпекші болған. ИТК көмегімен көлік тексеріледі. Тексеру барыснда жүк көлігінде күдік тудырарлық белгісіз қораптар анықталды. Инспекциялық тексеру кешенінің көрсетіп тұрған орнын тереңдетіп тексеруге Атырау облыстық шекаршылары кіреседі. Тексеру барысында Ресей азаматының, жүк көлігінің қуысына жасырылған заңсыз дәрілік препараттар анықталды.

narkotik

Тексеру бойынша жалпы саны 1700 ден астам заңсыз  дәрілік препараттардың болғандығы белгілі болды. Жоғарыда көрсетілген арықтауға арналған препараттардың «Satu.kz» интернет сілтемесіне сәйкес жалпы орташа соммасы 6 000 000 (алты миллион) тенгені құрап отыр.

Заң бұзушылардың жасырып өтпекші болған заңсыз әркеттері осылайша тың техника көмегімен анықталды. Ұсталған азаматтармен, заңсыз тауарлар Атырау облысы Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер бөлімшесіне тапсырылды.

 Осылайша Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты шекара шебіндегі тың техника терең тексеруден алдына жан салмайтынын тағы да дәлелдеді. Естеріңізге сала кетсек осыдан бірнеше уақыт бұрын «Құманғазы автокөліктік» бөлімшесіне инспекциялық тексеру кешені орнатылған болатын. Адмның көзі жетпейтін бұрыштармен ит тұмсыға бармайтын қуыстарды бұл техника манитор арқылы көз алдыңызға шығарып бере алатын күшке ие.

Заң бұзушының жасырып өтпекші болған заңсыз әркеттері тың техника көмегімен анықталды. Жаңа технологияны және сол технологияны шебер қолдана білген Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты «Құрманғазы автокөлік» бөлімшесіндегі шекарашылардың арқасында ірі партиялы дәрілік препарттар шетел асуына жол берілмеді.

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі.

Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы

Аға лейтенант АЙТӘЛІ Өмірбат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521