Ірі инвестиция – ауылдағы жаңа мүмкіндіктер

(0 Votes)

Мемлекет басшысының шетелдік инвесторлармен тікелей келіссөз жүргізіп, елімізге ірі жобаларды тартуы – Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы мен халықаралық беделінің артып келе жатқанын айғақтайды. PepsiCo сияқты әлемдік брендтің Алматы облысында зауыт салуы – тек жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, жергілікті шаруашылықтарға да үлкен серпін береді. Картоп өсіру ісіне ғылыми тәсіл енгізу арқылы ауыл шаруашылығының дамуына тың мүмкіндік тумақ. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының табысын арттырып, ел экономикасына елеулі үлес қосады. Біз ардагерлер қауымы осындай бастамаларды қолдаймыз және олардың ел игілігіне қызмет ететініне сенеміз.

Ержан Ғайнетов, 
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT