Ірі қара мал иелерінің назарына!

(0 Votes)

Теміржол Қазақстанның барлық бағыты бойынша және еліміздің экономикасының жүйелі дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды және өмірлік қажетті сала болып табылады.

Осыған орай күз мезгілінің келуіне байланысты Атырау облысы Құрманғазы ауданының көптеген тұрғындары өздерінің ірі қара малдарын қараусыз қалдырып, соның салдарынан теміржол бойында жүрген жануарлар жүк жолаушылар поездарының жүруіне қауіп төндіріп, шұғыл тежеу қолданып, белгіленбеген жерлерде тоқтап қалады. Ағымдағы жылдың басынан бері поездардың теміржол бойына ірі қара малдардың шығуына байланысты шұғыл тежегіш қолданудың 32 фактісі тіркелген.

Бүгінгі күні теміржол бойында ірі қара малдардың қараусыз жүруіне байланысты Ганюшкин станциясы Желілік полиция бөлімшесі Атырау жол дистанциясының қызметкерлерімен бірлесіп мал жаю мен бағуға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Құрманғазы ауданы, Мақаш ауылының тұрғындарымен алдағы уақытта жүк және жолаушылар поездары шұғыл тежеу қолданып, мал қағу оқиғасын болдырмауы мақсатында кездесу ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Құрманғазы ауданы ірі қара мал иелеріне теміржолдың бөлінген жолағында мал жою қағидаларын бұзу заңдар ҚР ӘҚБтК – нің 559 бабы 1 бөлігіне сай әкімшілік жауапкершілікке тартылуы туралы ескертеміз.

К.Ергалиев. Ганюшкин ст. ЖПБ бастығы полиция капитаны

Сурет ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521