Инверсиялық үстел пайдалануға берілді

(1 Vote)

«Құрманғазы – туған жер» қоғамдық қорының төрағасы, Манаев мектебінің мұғалімі Азамат Абдуллаев Атырау облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығының қолдауымен бөлінген «Ауылдық жерлерді дамыту» бағытындағы мемлекеттік гранттар жөніндегі конкурстың жеңімпазы атанған еді.

Әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға үлесін қосуды мақсат тұтатын Азамат Абайұлы көп функциялы инверсиялық үстелді Жастар ресурстық орталығына қойып, аудан тұрғындарына тегін пайдалануға берді.

inver

Аталмыш үстел - арқадағы ауруды кетірудің бірден-бір жолы. Сонымен қатар, бұл омыртқаны барынша созуға мүмкіндік береді, бұлшық еттің жиырылуына да оң әсерін тигізеді. Аудандық зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының маманы Салауат Қанатұлы құралды дұрыс пайдалануға жәрдемдесіп, денсаулықты нығайту бағытындағы маңызды кеңестерімен де бөліседі.

Бұған қоса алдағы уақытта күш жаттықтырушы құрал мен жаттығу велосипеді де тұрғындар қажетіне ұсынылмақ. Инверсиялық үстелдің игілігін көргіңіз келсе, орталыққа карантин режимін сақтап, бетперде тағып келулеріңіз сұралады.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521