Инватакси қызметі жанданып келеді

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы» бұйрығына сәйкес, «Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылдың 4 мамырында заңды мекеме ретінде құрылып, күні бүгін онда мүмкіндігі шектеулі 20 балаға 8 бағытта әлеуметтік қызмет көрсетілуде. Аудан әкімінің қаулысымен ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап аудан бойынша үйден қызмет көрсету жағдайындағы әлеуметтік қызметкерлер ауылдық округтер аппараты дербестігінен алынып, әлеуметтік қызмет көрсету орталығына берілді. Үйден қызмет көрсету жағдайында 83 жалғыз басты қария және 47 мүмкіндігі шектеулі бала әлеуметтік қызмет алуда. Атап өтсек олар: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік- медициналық, әлеуметтік- психологиялық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-еңбек.

invotaksi1

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет алатын 20 баланың 7-еуі аудан орталығынан, 13-і сырт ауылдық округтерден қатынасады. Осынау жол тасымалдығының алыстығын, қиындығын ескере отырып, Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің «Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ-сіне 2019 жылдың қараша айында 2 инватакси автокөлігі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы алынды. Аталған автокөліктер кестеге сәйкес 2 жаққа бөлінді. Бір автокөлік: Ақкөл, Нұржау, Жаңаталап, Орлы ( 9 қызмет алушы), екінші автокөлік: Құрманғазы, Еңбекші, Мақаш ауылдық округтерін ( 11 қызмет алушы) қамтиды.

Қызмет алушыларды тасымалдау жөнінде әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 2019 жылдың 15 қарашасында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа бөлім басшысының қатысуымен,ата-аналарға көлікпен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Ескеретін жағдай аталмыш 2 инватакси автокөлігі аудан бойынша барлық мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға арналмаған, тек қана Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының балансына алынғандықтан, ерекше күтімді қажет ететін 20 қызмет алушының орталыққа барып, келу, тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатынасуына (экскурсияларды ұйымдастыру, театрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да іс-шаралар) қызмет атқарады.

Әнуарбек Сәбитов,

Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету

аумақтық орталығы директорының әлеуметтік жұмыс және педагогикалық оқу-ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT