Айта кетер жайт интернет алаяқтық та тыйылмай тұр.
Қанша сауатты болса да талай адамдар олардың құрығына түсуде. Биылғы 11 айда аудан көлемінде осы бағыттағы 14 қылмыс тіркелген. Оның 1-і онлайн несиені рәсімдеу, 2-сі Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде әр түрлі киім-кешек, ұтыс ойындарын ойнату, жұмысқа орналастыру, ақшаны екі есе көбейтіп беру, 2-сі басқа да сайттар мен мобильді қосымшаларды пайдалану арқылы алдау. Сондай-ақ сайттар мен интернет ресурстарда зорлық-зомбылықты насихаттауға мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде «В Контакте» жасөспірімдер тартылған, әлеуметтік желісінде қоғамға жат әрекеттерді насихаттайтын «Авторитеты-Атырау» тобы анықталған. Мұнда топ мүшелерін басқа оқушыларға күш көрсету арқылы өз беделін көтеруге шақырған. Топқа ауданымыздан 7 бірдей мектеп оқушылары тіркеліпті. Аудан прокурорының орынбасары Аянбек Сүйінәлиевтің айтуынша олармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіліп, топ құрамынан шығарылған.
Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы барысында аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Марат Хасанов, Асан, Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтерінің әкімдері Гүлім Қабдражитова, Жасұлан Жаманқұлов, Қанат Құлшардың хабарламалары тыңдалды.
Қанат ҒҰМАРОВ