Интернет алаяқтық асқынып тұр

(0 Votes)

Аудан көлемінде 2021 жылдың 4 айы ішінде 12 алаяқтық қылмыс тіркелді.

Былтыр осы уақыт аралығында 4 қылмыс орын алған. Яғни, 3 есе өсім болып отыр. Олардың барлығы интернет алаяқтыққа жатады. Атап айтқанда пәтерді жалға беру, онлайн несиелер рәсімдеу, «Коке.kz», “Колеса kz» интернет парақшасында автокөліктің қосалқы бөлшектерін сату, жұмысқа орналастыру, сонымен қатар, «Instagram, Facebook, Telegram, В контакте» интернет парақшаларында әр-түрлі киім кешек сату жөнінде жарнама шығарып алдау.  Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, онлайн несие рәсімдеу – 5, Instagram, Facebook – интернет парақшаларында әр-түрлі киім кешек сату, ұтыс ойындарын ойнату, жұмысқа орналастыру, ақшаны екі есе көбейтіп беру және т.б. – 5, басқа да сайттар мен мобильді қосымшаларды пайдалану арқылы алдау – 2 факті орын алған.

Аудан әкімі Марат Мурзиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында күн тәртібіне қойылған өзекті мәселе талқыланды. Zoom платформасы арқылы өткен мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. «Алаяқтыққа қарсы күрес мәселелері және оларды шешу жолдары» туралы аудандық полиция бөлімінің бастығы Тұрғали Жұмашев хабарлама жасады. -  Интернет алаяқтық қылмыстарының басым бөлігі республикамыздың басқа облыс тұрғындарымен жасалуына байланысты бұл санаттағыларды уақытында ашу жұмыстарына қиыншылық туғызады.  Полиция бөлімімен оның алдын алу мақсатында, облыс аумағындағы барлық деңгейдегі банктерге өз клиенттерінің ұялы телефон нөмірлеріне интернет желісі арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарынан сақ болу туралы смс хабарламалар жолдау туралы ұсыныстар берілді, - дей келе тұрғындарды аталмыш қылмыс түрінен сақтандыру бағытында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты саралап, ауылдық округтерде де бұл бағытта билбордтар іліну қажеттігін ұсыныс етті.

-Мал ұрлығының алдын алу мақсатында есепті мерзім ішінде, ауыл шаруашылық бөлімімен бірлесіп, аудандық тасжолдарда мал тасымалдайтын автокөліктер тексеріліп, тиісті құжаттарсыз тасымалданған 3 (2020 жылы -2) тұлға ӘҚБтК-нің 406 бабына сай, ҚР-ның ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, маслихат шешіміне байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабымен 120 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Атырау облысы Маслихатының 30.10.2020 жылғы 485-VІ шешімі, елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын жайылуы бойынша). Аудан әкімдігіне бірнеше рет загон және автотұрақ орнату жөнінде ұсыныстар берілгенімен, осы уақытқа дейін бұл мәселе шешімін таппай отыр. Есепті кезеңде аудан көлемінде «Мал ұрлаушы» жедел-іздестіру шарасының 2-кезеңі өткізілді.

Осы жылдың 4 айында аудан бойынша жалпы тіркелген қылмыс деңгейі 31,6%-ға (98-ден 67-ге) төмендеп отыр, оның ішінде ұрлық қылмыстары 71,8%-ға (39-ден 11-ға), мал ұрлығы 85,7%-ға (7-ден 1-ге), яғни айтарлықтай профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде төмендеп отыр, - деген аудандық полиция бөлімінің бастығы Т.Жұмашев мал ұрлығының профилактикасына қатысты ұйымдастырылған шаралардан хабардар етті.

-Құрманғазы ауылының орталық көшелеріне және адамдар көп шоғырланатын аумаққа қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы 25 орынға 61 бейне бақылау жүйесін орнатуға облыстық бюджеттен 23 160,0 мың теңге қаржы сұратылған болатын. Күні бүгін қаржысы шешілген жоқ. Қазіргі уақытта жаңадан қосымша бейне камера орнату үшін қажетті орындарды, қаржы есебін шығару мақсатында «Көркем Телеком Көркем Жайық» ЖШС-не хаты жолданды. Соған сәйкес, Құрманғазы ауылының камера орнатылатын қажетті орындарды Құрманғазы аудандық полиция бөлімімен бірлесіп анықталатын болады, - деді елді мекендерді бейнебақылаумен қамтамасыз ету бойынша баяндаған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Руслан Сиражев.

-Түнгі кезекшілікке түсетін патрулдік полиция қызметкерлерінің қатары күшейтіліп, масаң күйде көлік құралын басқарған 11 факті (2020ж. -17) және бір жыл ішінде екінші рет қайталап масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін бірнеше факті анықталып кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылды. Жол-көлік оқиғаларын алдын алу, болдырмау бағытында жұмыстар атқарылғаныменен 2021 жылдың 4 айы ішінде 2 жол көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 4 адам әр түрлі дене жарақаттарын алған. Бұл жол көлік оқиғалары елді мекен жолдарында болған. Өткен жылы облыстық маңызы бар жолдарда 4 жол көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 7 адам жарақат алып (оның ішінде 3-еуі кәмелеттік жасқа толмаған), 2 адам қаза тапқан, - деген хабарламашы Т.Жұмашев аудан аумағындағы автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстарды саралады. Күн тәртібіндегі аталмыш мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Руслан Сиражевтің хабарламасы тыңдалды.

А.Шакупова  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521