Интернет алаяқтарынан сақтаныңыз!

(0 Votes)

«Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің бастығының 26.10.2020 жылығы №116 бұйрығына сәйкес, Құрманғазы ауданы көлемінде Атырау облыстық ПД-нің бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.Кушкалиевтың, 2020 жылғы 09 қазандағы № 1-3-6-40/6289-И санды нұсқауына сай, ҚР ІІМ-нің нұсқауы негізінде, сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізудің 4-тоқсанға арналған кестесін орындау үшін ағымдағы жылдың 27-28 қазан аралығында республика аумағында ақпараттандыру және байланыс саласындағы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқық бұзышылықтарға қарсы күрес бойынша шаралар тиімділігін арттыруға бағытталған «Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізілуде.

Интернеттегі алаяқтық оңай ақша табу, яғни алаяқтық қылмысының барынша таратылған түрлеріне айналды. Мысалы көп адам Интернет-банкингті пайдаланады. Оны интернет алаяқтар да біледі, олар сенгіш пайдаланушыларды алдаудың көптеген тәсілдерін ойлап тапты. Белгілі интернет-сайттардағы сауда алаңдарын пайдалану арқылы алаяқтық қылмыстық фактілері жиі кездеседі, атап айтқанда kolesa.kz, adi.kz, olx.kz dogovоr24.kz және тағы да басқалары.Алаяқтар Facebook, VКontakte, Mail.ru, «Однакласники», сондай-ақ WhatsAap, «Тelegram», «Intsagram» әлеуметтік желілерін пайдалану арқылы әртүрлі тауарларды, өнімдерді және қызметтерді сатуға жарнама орналастырады. Бұл жағдайда, сандық көрсетілімі бар белгілі бір өнімді сатқанда, алаяқтар алдын ала «QIWI» әминянға, түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап етеді. Кейінен шот иелері тексерілген кезде олардың өзге адамдардың атына тіркелгені белгілі болады. Алдын ала төлемін алған алаяқтар құрбандарымен кез келген уақытта байланыста болады.

Төмендегідей қарапайым шараларды сақтау интернет-алаяқтардың құрбаны болмауға мүмкіндік береді:

- Расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз;

- Кез келген жағдайда сіздің банк карталарыңыздың және шоттарыңыздың мәліметтерін ешкімге бермеңіз, әсіресе интернет арқылы байланысқан кезде;

- Интернетте, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз;

- Интернет-порталдар арқылы мүлікті сатып алу кезінде ешқашан алдын ала келісім жасамаңыз;

- Төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз;

- Автомобилдерді, басқа қалағаарналған қосалқы бөлшектерді сатып алғанда, достарыңыз бен танстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алынған өнімді тексеруді өтініңіз.

М.Ғ.Үмбеталиев,

Құрманғазы АПБ-нің бастығының орынбасары полиция подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521