Инклюзивті сынып ашылды

(0 Votes)

12 қыркүйек «Авангард» ықшамауданындағы №3 гимназия-мектебінде инклюзивті сынып ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Инклюзивті сыныптың ашылуына Атырау облысы білім басқармасының қызметкерлері, қалалық білім бөлімінің инклюзив бойынша жауапты маманы, Атырау облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мекемесінің басшысы, мектеп ұжымы мен ата-аналар қатысты.

69718458_2092418321052507_1340189749524037632_n

70977116_494857294689726_7569800462434566144_n

Қазірдің өзінде сыныпта 5 бала білім алып жатыр. Мұнда психологиялық денсаулығы тежелген аутизм белгілері бар балаларды АВА әдісі бойынша оқыту көзделген.

70420619_2628692597188682_4553499253200125952_n

70174224_719837465147956_5718830846765432832_n

Тьюторлардың сүйемелдеуімен оқушыларды қалыпты балалардың қатарына қосу орталық мамандарының мақсаты болып табылады. Сынып «Инклюзия болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, «СОС» компаниясының қолдауымен ашылды.

70896933_406618546714067_554311717627101184_n

69855000_503527423758335_8163449807000567808_n

Жиында білім басқармасы қызметкерлері инклюзивті сыныптар ашу жұмыстарын жүргізуге қолдау білдіргені үшін Атырау облысының әкімі Н.Ноғаевқа алғыс білдірді.

Айта кетейік, бүгін, 13 қыркүйек күні қаладағы №24 орта мектепте де «инклюзивті сыныптың» ашылу рәсімі өтетін болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521