Инклюзивті білім беру кабинеті ашылды

(0 Votes)

«Құрманғазы туған жер» қоғамдық қорының бастауымен және «Сенім тірегі» қоғамдық қорының қолдауымен Абай атындағы жалпы орта мектеп жанынан инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуына орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

Алғашқы құттықтау сөз сөйлеген аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева кабинетте үйде оқытылатын балаларға ерекше назар аударылатынын, оларға білім алу үшін қолайлы жағдай жасалапы, мұғалімдер тарапынан кешенді және жүйелі көмек көрсетілетінін алға тартты. Алдағы уақытта инклюзивті білім беруді қолдау бойынша З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатында және М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде ресурстық кабинеттерді ашу жоспарланып отырғанын қаперге берді.

a7543cb8-e4e2-4047-ba93-79fecf8b6319

«Сенім тірегі» қоғамдық қорының төрайымы Самал Жұмашева мектепте білім алып жүрген мүмкіндігі шектеулі балалар енді сабақтан тыс уақытта, қосымша жүктелгенде арнайы инклюзивті кабинетке бара алатынын, мұнда олармен арнайы курстан өткен мамандар жұмыс атқаратынына тоқталды. Яғни, ерекше балалар құрбы-құрдастарымен бір партада оқып, тең дәрежеде білім алып, түсінбеген, игермеген бағдарламаларын жеке оқуға мүмкіндік жасалатынын тілге тиек етті. Осы арнайы сыныпқа келген әр баланың жетістігін көру үлкен мәртебе саналатынын, ол үшін мамандар балалармен жеке қарым-қатынасты жоғары деңгейде атқарулары қажеттігін айтып, сәттілік тіледі. Келесі кезекте ата-аналар атынан Айсана Бекқужиева аналық жүрегімен алғысын айтты. Кабинеттің алдына керілген лента қию рәсімін аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құбаева мен «Сенім тірегі» қоғамдық қорының төрайымы С.Жұмашева жасады.

Педагог ассистент Арайлым Русланқызы ерекше балаларды оңалту, тиісті біліммен қамтуға септесу бағытында ашылған сыныпты шараға қатысушыларға таныстырды. Айта кетейік, әзірше мектеп жанынан ашылған кабинетте 8 балаға 7 маман дәріс береді. Жалпы, ауданымызда ерекше білімді қажет ететін 352 оқушы болса, инклюзивті білім алатындар 85, арнаулы сыныпта 57 бала оқиды.

 

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521