Ілеспе жүкқұжатты рәсімдеу міндетті

(0 Votes)
https://azattyq-ruhy.kz

2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Еуразиялық экономикалық одағының елдерінен тауарларды әкелу және әкету кезінде тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі ТІЖ) енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.

Жүргізіліп жатқан пилоттық жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде ТІЖ ресімдеу міндеттеледі.

Осы мақсатта, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы №1178 бұйрығына қол қойылды. Басқа тауарлық позициялар бойынша ТІЖ міндетті ресімдеу пилоттық жоба аяқталғаннан кейін 2023 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді, бұл ретте Еуразиялық экономикалық одағына мүше елдерімен өзара сауда қатынасында экспорттық - импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде ТІЖ-ты міндетті түрде рәсімдеудің мерзімдерін кейінге қалдыру қарастырылмаған.

ТІЖ міндетті ресімдеу күшіне енгеннен кейін, ТІЖ ұсынбағаны және ТІЖ-ына мәліметтердің сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өту қажет. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-1-бабына сәйкес ТІЖ ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпегені үшін, кәсіпкерлік субъектілеріне қарай 5 пен 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Құрманғазы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521