Игерілмеген жер – мемлекет игілігіне

(0 Votes)

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысын аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова ашып, күн тәртібімен таныстырды.

Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Мұфтах өз хабарламасында сала бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, жер учаскелеріне жүргізілген түгендеулер, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін конкурстар мен аукциондар арқылы беруден ақпарат берді.

Жалпы Құрманғазы ауданы бойынша жер қоры 2 млн. 86 мың гектарды құрайды. Осының 650683 гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. 2021 жылдың 11 айында бөлім арқылы 762 қызмет көрсетіліп, 709 өтініш қанағаттандырылып, 53-і түсіндірілген. Қазіргі уақытта 2297 тұлға жер кезегіне тіркелген. Өткен 11 айда 31628 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, 19 жер учаскесі мемлекетке қайтарылған. Мұның 16423 гектар 16 учаскесі шаруа қожалықтарына, 15 мың гектары «Еуразия Инвест» ЖШС-не, 5 гектары жеке кәсіпкер Д.Нұрғалиевке, 200 гектары «Каспий таңы» ӨК-не тиесілі. Жеке тұрғындарға үй салуға берілген 7 жер учаскесі анықталып, 0.7 гектары мақсатына сай игерілмеуіне байланысты мемлекетке қайтарылып отыр. Одан әрі хабарламашы жер беру жөнінде өткен конкурстар мен аукциондарға тоқталды. Комиссия мүшелері тарапынан қойылған Батыс Қазақстан облысымен арадағы шекара, тексеруге мораторий жарияланғанымен талдау жасауға болатыны, жайылымдық жерлер жөніндегі сұрақтарға жауап берді.

35ee7179-cec1-461d-94bc-b07caf1852d0

Комиссия отырысы барысында аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанованың, Бірлік, Құрманғазы, Мақаш, Теңіз ауылдық округтерінің әкімдері Гүлжазира Әбенова, Абдуррахман Муса, Бауыржан Қадыров, Қайсар Мақсотовтың сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша атқарған жұмыстары тыңдалды. Комиссия мүшесі Маркс Мұстахишев комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын таныстырып, аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова жиынды қорытындылады.

 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT