Қиғаштың жағасындағы ауыл ауыз суға жарымай отыр

(0 Votes)

Байда ауылдық округінде 100-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық жасалып, 80 байдалыққа түрлі мөлшерде айыппұл салынған.

Бұл туралы ауыл әкімі Жүсіп Төреғалиев аудан әкімі Марат Мурзиев, бөлім басшылары, ҚР парламент мәжілісінің депутаты Нұрлыбек Ожаев пен ауыл тұрғындары қатысқан өткен жылға есеп беру жиынында хабарлады. Оның айтуынша, құқық бұзушылықтың алдын алуға бірқатар жұмыс жасалып жатса да, тұрғындар арасында ӘкҚК 505-бабы бойынша қылмыстық іс көш бастап тұр.

bajda2

Әкімнің баяндамасында сүйенсек, 2021 жылы өткен есеп беруде ауыл халқымен бірлесе отырып жасақталған әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар өз шешімін тапқан.  Яғни, Котяев ауылының "Бөкейхан" мөлтек ауданының жоспарлау жобасы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітіліп, 2-кезеңі ағымдағы жылдың бас жоспарына сәйкес өзгеріс енгізуге ұсыныс берілген. Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтарды төгетін полигонды көшіруде көлемі 5 га болатын жер бөлу құжаттары рәсімделіпті. Ауылды көгалдандыру бағытында округ бюджетінің үнемделген қаржы есебінен 200 мың теңгеге 572 тал отырғызылған. Жергілікті жастардың игілігіне шағын футбол алаңы үшін жер телімі алынып, смета жасалталған. Ал, балалар ойын алаңын орнатуға 4189 мың теңге қаржы бөлінген. Қ.Сәтбаев көшесіндегі жазғы саябақ орнын қорғау жұмыстарына 6000,0 млн, осы және М.Әуезов, Ы.Алтынсарин көшелеріне түнгі жарық  жүргізуге 3668,0 мың теңге толық игеріліпті. 300 орындық мәдениет үйінің құрылысына 2021-2025 жылға ауданның Аумақтық даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарға енгізген. Халықтың бірінші қажеттілігіндегі "Жедел жәрдем" қызметі де өткен жылдың сәуір айынан бастап ел игілігіне қызмет етіп келеді. Оған қоса, "Таза ауыз су" бағдарламасы бойынша Котяев ауылына су құбырын тарту жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталмақ.

Байдалықтардың ағымдағы уақытқа жоспар құру үшін ұсыныстарын тыңдауғв "Еркін микрофонға" кезек берілді. Алғаш сөз алған ақсақал Якуб Исмағұлов, Жүсіп Төреғалиевтың еңбегіне оң бағасын беріп, осыдан 42 жыл бұрын салынған 320 орындық мектепте 340 бала білім алып жатқанын, келер жылы 400-ге жетерін жорамалдап, су жаңа мектеп салуға көмек сұрады.

- Естуімізше Атырау облысын дамытуға 9 триллионға жақын қаржы бөлініп жатыр. Сол ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей орнымен жұмсалса бәрін жасауға болады деп ойлаймыз. Келесі мәселе өрт сөндіру көлігімен қамту. Жақында екі жерде өрт болғанда аудан орталығынан өрт сөндіруші көліктер ол сөнгеннен кейін жетті. Котяев ауылынан өрт сөндіру орынын салған тиімді. Бірлік ауылы 22, Қиғаш 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Қиғаш бойында отырған 10 шақты елді мекен бар. Әртүрлі жағдай болмай тұрмайды. Ауылішілік жолдар 12 шақырым болса, соның 4 шақырымы ғана салынды. Алға қарай осыны жалғастырсаңыздар өте тамаша болар еді,-деп ауыл тұрғындарының мұңын жеткізді.  

bajda-1

Кейін, халық қалаулысына әйелдерді 55-жастан, көп балалы аналарды 50-жастан зейнетке шығаруды ұсынды. Оған қоса, вобла үшін қаракөз аулауға мораторий жариялауға кеңес берді. Өйткені, кезіндегі вобла қазір табысы көзі еместігін қатерге берді. Сондықтан, аталған су маржанын аулаудың қажеттігі жоқ, керсінше қорғасақ дейді. Ал, ардагер ұстаз Еламан Ертаев, тігін цехы мен шаштараз сынды бизнестердің тоқтап тұрғанын, оны қайта жандандыруға ескі медпункттің ғимаратын  пайдалануға аудандық емханадан округ балансына беруін сұрады. Еламан Ертаев, Серік Құспанов, Ризуан Иманғалиев,Ғабдіжан Бисахов, Ақылбек Сәрсенов, Сұлтан Бисақов сынды ауыл азаматтары жаңа демалыс орындарын ашуды, әлеуметтік маңызы бар тағамдардан нан бағасын реттеуді, жазғы су желісін жүргізуге тілек білдірді. Алпамыс Нысанов мардымсыз зейнетақы, жәрдемақы, АӘК реттеуді, қаптаған ошағанды жоюға шара қабылдап, аудандық емхананы  томографияға түсіретін маманмен қамтыса деп тілек білдірді.

Жиын соңында аудан әкімі Марат Мурзиев, тұрғындар талабын ескеріп, шешімі тауып жатқан мәселелерді тілге тиек етіп, негізгі проблемаларды қанағаттандыруға жауапты бөлім басшыларына тапсырма берді.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT