Қиғаштың жағасы тазаланды

(0 Votes)

Жадыраған жаз келісімен көпшіліктің жасыл желекке оранған табиғат аясына асығатыны анық.

Алайда, көбіне өзен-көлдердің маңайын төңіректейтіндер тек тынығып қана қоймай, демалыс мекендерін ластап кетеді. Осы орайда «Каспий Балық» өндірістік кооперативі «Таза жағалау» акциясына үлес қосып, ұжым мүшелері  ұйымшылдықпен атсалысты. Сауапты іске мұрындық болғандар Қиғаш өзені жағалауын күл-қоқыстан арылтты. «Қоршаған ортаны таза ұстау, қорғау баршамыздың ортақ парызымыз» дегенді ұстанған акцияға атсалысушылар бұл игі дәстүр жыл сайын жалғасын тауып келетінін жеткізді. Сонымен ізгі шара барысында кооперативтің 20 жұмысшысы жағалаудың бойынан 2 тонна күл-қоқыс шығарды. Оны тракторға тиеп, арнайы орынға төкті.

iashty-zhaasy_jpg111

«Каспий-Балық» өндірістік кооперативі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT