Қиғаштықтар «Серперге» жазылуда белсенділік танытты

(0 Votes)

Қиғаш ауылдық округі 2021 жылдың І жартыжылдығына 160 дана аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетіне жазылу болжамын, күні бүгін 166 данаға асыра орындап отыр.

Бұл жерде округ әкімі Жігер Жанқановтың ұйымдастырушылық қасиетіне тәнтіміз. Округ тұрғындарының жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын әкім олардың баспасөзге жазылуда да шет қалмауына күш салады. Ауданға келген сайын тұрғындардың газетке жинаған ақшаларын «Қазпошта» бөлімшесіне әкеліп, түбіртектерін алып, өздеріне пошта қызметкерін жіберуді сұраудан жалықпайды. «Бізде пошта жоқ», деп отырып алуды білмейді. Редакцияға телефон соғып апта сайын қанша данаға жазылғанын айтып, мәліметтері пошта бөлімшесі тапсырған мәліметке, яғни базаға енген-енбегінен сұрап жатады. Өстіп, қалай да болжамнан шығады.

«Баспасөзге жазылуда белсенділік танытқан барлық ауыл тұрғындарына, мекеме басшылары С.Капуоваға, Ы.Измуратоваға, Х.Қабыловқа, М.Керееваға, Ф.Зайровқа ризашылығымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жемісті еңбек тілеймін!», дейді Жігер Махмудұлы! Ауызбірліктері мықты екенін жыл сайын көрсететін қиғаштықтарға біз де ризамыз!

Редакция

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT