Қиғаштың арналары тереңдетіледі

(0 Votes)

Осы ауылдан сайланған аудандық мәслихат депутаты Рифхат Сұлтанияев ауыл әкімімен бірге қол жеткізген жетістіктеріне тікелей қолдау білдірген аудан басшысына зор ризашылығын білдіріп, алда шешімін күтіп тұрған проблемалық түйткілдерді де назардан тыс қалдырмады.

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы- Ауданымыз бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жоба - түп тереңдету жұмыстары. Қазіргі таңда Шарон өзенінің 124 шақырымы қазылуда. Өңіріміз ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайлы аймақ болғандықтан оған қиындық келтіріп отырған су мәселесін оңтайлы шешу біздің басты міндетіміз. Ал арналарымыз жылдан-жылға құрғауда. Осыған орай, облыстан 243 шақырым жерге түп тереңдету шараларын жүргізуге келісім алып, оны жүзеге асыратын мердігер мекеме анықталып, жобалау жұмыстары әзірленуде.

img_8259

Жекешелендірілген ғимараттарды алған кәсіпкерлер оларды мақсатты пайдалануға атсалысыңыздар. Иесіз қалған ескі орындардан құтылу қажет. Сафон ауылының үстінен өтетін облыстық маңызы бар жолға заңдылыққа сәйкес жаяу жүргінші жолы салынбайды. Биылғы жылы халық санағы жүргізілуіне орай, елді-мекендердің, көшелердің атауларын өзгертуге мораторий жарияланды. Ол аяқталғаннан кейін, бұл жұмысты қолға аламыз, -дей келе, жиналыста көтерілген басқа де мәселерге қатысты өзінің пікірін білдірді. Тұрғындар округ әкімі Р.Қамзаеваның жұмысын "жақсы" деп бағалады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521